Bugin
Шымкентте ер адам бұрынғы сүйіктісінен 20 мың доллар бопсалаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрынғы серігінен қауіп төнген соң қала тұрғыны полицияға хабарласқан. Арызданушының айтуынша, ер адам интимдік видеосын интернетке жариялайтынын айтып, одан 20 мың АҚШ долларын талап еткен.
Күдіктіні қалалық полиция басқармасының ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің жедел уәкілдері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу кезінде қолға түсірді. Полиция бұл іске қатысты тергеуді бастады. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тәртіп сақшылары мұндай жағдайда қылмыскердің айтқанын орындамай, дереу полицияға хабарласуды ұсынды.