Bugin

Қызылордада 18 жастағы қыз іздестіріліп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорда қаласында бойжеткен қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып, екі күннен бері табылмай жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда қаласында тұратын 18 жастағы Айтөреева Дариға Рауанқызы 17 желтоқсанда үйінен шығып кеткен. 

"Осыған байланысты Қызылорда қаласы Полиция басқармасы іздеу салады. Ерекше белгілері: бойы 1,50 - 1,55 см, орта денелі, көзі қоңыр түсті, шашы қара түсті. Киімдері: қоңыр түсті күртеше, қара түсті шалбар, аяғына қоңыр түсті аяқ киім киген. Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20 немесе 102 арнасына қоңырау соғуыңызды сұраймыз", - деп жазылған Қызылорда қалалық полиция басқармасы таратқан хабарламада.