Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Ауа райына байланысты төрт жол учаскесі жабылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.
Ауа райының нашарлауына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 4 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Жамбыл облысында - 1 учаске (79 шақырым)
1. "Алматы-Ташкент-Термез" автожолының 159-238 шақырымы, Кенен ауылы – Қайнар ауылы (Жаңа Қордай асуы) -79 шақырым;
Жетісу облысында - 2 учаске (223 шақырым)
1. "Үшарал-Достық" автожолының 84-184 шақырымы, Көктұма станциясынан -Достық станциясына дейін – 100 шақырым;
2 "Алматы-Өскемен" автожолының 287-410 шақырымы, Талдықорған қаласы - Сарқант қаласына дейін.
Қызылорда облысында - 1 учаске (289 шақырым)
1. "Самара-Шымкент" автожолының 1361-1650 шақырымы. Арал қаласынан - Босмандық ауылына дейін -289 шақырым.
Шектеу көліктің барлық түрлеріне қолданылады.
Қазіргі кезде республикалық маңызы бар автожолдарды тазалауға 568 техника шығарылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61