Bugin

Қайрат Сатыбалдының 120 млн АҚШ доллары мемлекетке қайтарылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Қайрат Сатыбалдыұлының елден заңсыз шығарылған активтері, оның ішінде қылмыстық жолмен алынған ақша қаражатын және өзге де мүлікті қайтару жөнінде шаралар қабылданып жатыр. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведмоство мәліметінде:

"Тек биыл желтоқсан айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қабылдаған шаралардың нәтижесінде Қ. Сатыбалдыұлының жалпы сомасы 120 млн АҚШ долларына, яғни 55,4 млрд теңгеден асатын ақшалай қаражатын қайтаруды қамтамасыз етті.

Көрсетілген қаражат мемлекетке келтірілген залалды өтеу есебіне республикалық бюджетке жіберілді",-делінген.

Заңсыз шығарылған активтерді қайтару бойынша жұмыс жалғасып жатыр.