Bugin

Көздің адамдар білмейтін жаңа қабілеті ашылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Адамның көзі сенсорлық жүйенің аспектілерін өз қалауы бойынша басқара алады. Доктор Каран Радж көз мүмкіндігінің ғажайыбын айтып берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі IFLScience сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ерекше қабілеттің құпиясы – көздің кішкентай, бірақ мықты бөлігі кірпікшелі бұлшықетте жатыр. Бұл бұлшықет назарды шоғырландыру процесінде маңызды рөл атқарады. Ол жиырылған және босаңсыған кезде көз линзасының пішінін өзгертеді. Осылайша, мұндай ерекше қабілеті бар адамдар әлемді анық көре алады.

Доктор Радж бұл қабілетті неліктен байқамайтынымыз туралы айтты. Адамдар әртүрлі қашықтағы объектілерге бейсаналы түрде назар аударады. Цилиарлы бұлшықетті саналы түрде босаңсыта алу – өнер.

Бұл қабілеттің кемшіліктері де жоқ емес. Дәрігер бұл қабілетті шамадан тыс пайдаланғанда көз әдеттегіден тезірек шаршайтынын ескертті әрі бұл әрекет көруді зақымдауы мүмкін.

Жаңа қабілеттен бөлек дәрігер адам ағзасындағы қызық құбылысқа түсініктеме берді. Кейде адамның көзінің бұлдыр тартып, шеңбер тәрізді фигураларды көруі мүмкін. Бұл – көздің  шыны тәрізді қабатында қалқып жүрген ұсақ бөлшектер әсерінен туындайтын құбылыс екен. Бұл құбылыс – адам ағзасының күрделі әрі бірегей екенінің көрінісі.