Bugin
Фото: pexels.com
Қырғызстанда Жогорку Кенеш отырысында депутаттар ел туын өзгерту туралы заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.
Заң жобасын 59 депутат қолдаса, тағы бесеуі оған қарсы дауыс берді.
Қырғыз Республикасының мемлекеттік символын өзгерту ұсынысын спикер Нурланбек Шакиев пен депутат Улан Примов жасаған болатын. Олардың сөзінше, қазір тудың ортасындағы күн сәулесі мен түндік түрліше қабылданады. Біреулер оны күнбағысқа ұқсатса, енді бірі киіз үй бөлігі ретінде көреді.
Дауыс беруден кейін палата төрағасы әріптестерін туға түзетудің енгізілгенімен құттықтады.
Мәлім етілгендей, заң жобасы Қырғыз Республикасының негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі – Қырғыз Республикасының туын жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, тудағы толқын тәрізді сәулелердің пішінін түзу сызықтарға өзгерту ұсынылған. Ел президенті Садыр Жапаров бұл бастаманы қолдайтынын білдірген еді.