Bugin

Павлодарда темекіден өртенген үйдің иесі қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Павлодарда пәтерден өрт шығып, үй иесі қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Түнде сағат 00:37-де 101 пультіне Сұрағанов көшесі, 22 мекенжайы бойынша пәтерден түтін шығып жатқаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар дереу оқиға орнына келген кезде бесінші қабатта орналасқан үш бөлмелі пәтерде үй заттары мен жиһаздардың жанып жатқаны, пластикалық терезелер балқып кеткені анықталды. Газ-түтіннен қорғау қызметі 1977 жылы туған пәтер иесін ес-түссіз күйде шығарып, жедел жәрдем қызметіне тапсырды.

Сағат 01:15-те өрт сөндіру қызметі тұрғын қаза тапқанын мәлімдеді. Өрттің шығу себебі, темекіні тұтату барысында болған.

Өрт сөндірушілердің күшімен сағат 00:59-да өрт толығымен сөндірілді.