Bugin
Фото: pexels.com
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Жаңа жыл қарсаңында бағаның өсу ықтималдылығын жоққа шығармады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Әлібек Қуантыров Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік бағасының өсу ықтималдылығын жоққа шығармады.
"Тұтыну бағаларының индексінде 550 базалық тауар қарастырылады, мандарин сынды жемістер, әрине, оған кірмейді. Жұмыртқа - белсенді тұтыныстағы тағам. Маусымдық баға өсімі бәрібір орын алады, әсіресе Жаңа жылға дейін. Бірақ экономикамыз осындай сипатта жұмыс істейді. Одан кейін бағалар тұрақтанады деп үміттенеміз", – деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.
15 желтоқсанда Сауда министрі Арман Шакқалиев Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бойынша баға индексінде өзгерістер жоқ екенін мәлімдеді.