Bugin

Мектеп оқушыларының өліміне себепкер болған мұғалім туралы тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ақтөбе облысында үш жолаушы қаза тапқан қайғылы жол апатына қатысты мектеп мұғалімі қамауға алынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол балаларды тасымалдап келе жатқан көлікті басқарған.

Күні кеше мұғалім мен екі мектеп оқушысы жол апатынан көз жұмған еді. Полиция басқармасы аталған оқиғаға қатысты көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Желтоқсанның 19-ы күні сағат 8.30 шамасында Самара-Шымкент тас жолының Құрылыс ауылы маңында "Toyota Alphard" көлігі мен "Volvo" жүк көлігі соқтығысқан еді. Қайғылы оқиға салдарынан "Toyota Alphard" көлігінің жолаушылары – мұғалім мен екі оқушы оқиға орнында көз жұмды.