Bugin

Ер адам еркіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Ер адам еркіне көнбеген қызды бес рет пышақтаған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.

Бірақ оралдық тұрғынның жазадан құтылып кетуі мүмкін. Бұл туралы жәбірленушінің туыстары мәлімдеді. Қазір бұл іс жабық сотта қаралып жатыр. Жәбірленушінің туыстары күдіктіге тағылған айыппен келіспейді. Өйткені ол қорғансыз қызды өлтіруге тырысса да, зорламақ болды деген айып тағылыпты. Демек оған берілер жаза әкімшілік айыппұлмен ғана шектелуі мүмкін. Ал бостандыққа шыққасын, айыпталушының қарындасымызды тағы қорқытары анық, дейді туыстары. Ауыр жараланған жәбірленуші әлі толық сауықпаған.

"Күдікті қызды өлтіргісі келді. Бірақ жәбірленуші тірі қалғасын, бұл баппен іс қозғалмады. Бұл азаматтан басқа қыздардың да жапа шегуі мүмкін. Сот жабық өтіп жатқандықтан, оны тәптіштей алмаймыз. Енді күдікті жазадан құтылу үшін түрлі сылтау айтып, ақталып жатыр. Жәбірленуші қатты қорқып қалған. Әлі ес жия алар емес. Денесіндегі пышақ тиген жерлері жазылған жоқ"-дейді жәбірленушінің өкілі Надежда Павлова.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жұмысынан түнде шыққан бойжеткенді бейтаныс жігіт көшеде зорламақ болған. Бірақ дегеніне көнбеген қызды тамағы мен бетінен бес рет пышақтап қашып кетеді. Кейін тұтқындалған соң, ол бала-шағасы барын, өзінің мас болғанын айтып ақталыпты. Ал полиция оның деструктивті діни ағым өкілі екенін мәлімдеді.