Bugin

"Құлағы сынған, басы жарылған, денесі көгерген": қызды ұрлап, жезөкшелікке мәжбүрлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: КТК арнасы сюжетінен скриншот

Алматыда қыздарды ұрлап, жыныстық құлдыққа салу фактісі анықталды. Құлдықта болған қыз қашып құтылып, жағдайды мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жеке үй иелері қыздарды жыныстық құлдық үшін ұрлаған. Қыз өзін ұрлап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегенін айтады. Осы уақыт бойы тұтқынды аяусыз соққыға жыққан. Тек бір кереметтің арқасында ол қашып құтылған. Жәбірленуші полицияға хабарласқан. Жеке үйде басқа қыздарды да күштеп ұстағаны белгілі болды.

Жәбірленушінің құлағы сынған, басы жарылған, бүкіл денесі көгерген. Тұтқында болған уақытында қызды аяусыз қорлап, жыныстық қызмет көрсетуге мәжбүрлеген. Ол

 "...Алдымен шөмішпен ұрды, кейін ұзартқыш сыммен арқамнан ұра бастады. Олар мені тепкілеп, жұдырықтады. Камила мен Аида мені ұрды",-деп сұмдық сәттерді есіне алды.

 Қыз оқиға бір апта бұрын болғанын айтады. Ол әдеттегідей жұмыстан шығып, үйіне қайтқан. Кенет жанына көлік тоқтап, ішінен адамдар шыққан. Олар жәбірленушіні ұстап алып, о көлікке күштеп отырғызған. Солай белгісіз үйге апарып, қамаған. Қыз:

"Олар: "Сен жезөкше болып жұмыс істейсің. Егер келіспесең, құжаттарды ата-анаңа көрсетеміз деп қорқытты",-деп өзіне қалай қысым жасағанын айтты.

Қыз жұмыстан оралмаған соң туыстары іздеген. Олар қызға қоңырау шалғанмен тұтқаны ешкім көтермеген. Бірнеше күннен кейін ол қайда екенін айтып үлгерген. Туыстары көмекке ұмтылғанымен, тұтқынды бірден құтқару мүмкін болмаған.

"Менің естуімше, қыздарды сонда құлдықта ұстайды екен. Олардың артқы есігі бар екен. Мен арнайы артқы есіктің артында тұрдым, мен олардың бір адамды қалай ұрғанын және тұтқынның қалай айқайлағанын естідім",-дейді жәбірленуші.

Бойжеткен мен оның туыстары қазір қорқынышпен өмір сүріп жатыр.. Олар тіпті дәрігерлердің көмегіне жүгінуге қорыққан. Алматы тұрғыны өзін күштеп ұстаған үйді полицияның көзінше ғана көрсетуге келісті. Көршілер бұл үйде көптен бері ойын-сауық орны құрылғанын айтады. Үй иелері тәртіп сақшыларын ішке кіргізбей қойды. Кейін полицейлер ішке кіріп үлгерген. Онда тәртіп сақшылары бірнеше қызды тапты. Жеке басын анықтау үшін үйдің барлық тұрғындары ұсталды. Қазір бұл іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.