Bugin
Фото: depositphotos.com
Құлсарыда енесі күйеу баласын өлтірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі деп AtyrauPress сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Атырау облыстық полиция департаменті:
"20 желтоқсан күні сағат 18:50 шамасында 1986 жылы туған әйел адам анасы азаматтық некедегі жолдасының ішінен ас үй пышағымен жарақат салғанын хабарлаған. Оқиға орнына жедел жеткен полицейлер отбасылық жанжалдың нәтижесінде 1966 жылы туған әйел адамның 1996 жылы туған азаматты ас үй пышағымен жарақаттағанын анықтады. Алған дене жарақаты салдарынан ер адам қаза тапқан. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды",-деп мәлімдеме жасады.
Айта кетейік, аталған жанұяда бұрын да отбасылық жанжал орын алған.