Bugin

Жаңа жылда отшашу атқандарға айыппұл салына ма?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Турар Казангапов. tengrinews.kz

Жаңа жылға санаулы күндер қалды. Көп адам бұл күнді отшашусыз елестете алмайды. Қазақстандықтарға отшашу атқаны үшін айыппұл салынуы мүмкін бе? Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл сұраққа Әкімшілік полиция комитеті жауап берді. 

"ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігі осы әрекет туралы. Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану – пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.  20 АЕК (2023 жылға - 69 000 теңге және 2024 жылға - 73 840 теңге) айыппұл салынды", - деді.