Bugin
Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
Алдағы күндері елімізде атлантикалық циклон болады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі 21-23 желтоқсан аралығындағы ауа райын Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
Кезеңнің басында республиканың солтүстік және шығыс бөлігінде, сондай-ақ орталығында түнде қар жауады. Күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Түнде солтүстік пен шығыста қалың қар жауады.
Атлантикалық циклонының әсерінен 23 желтоқсанда Қазақстанның батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Синоптиктер Республика бойынша көктайғақ, бұрқасын және жел болады деп болжап отыр. Сондай-ақ тұман түседі. Алайда ауа температурасында күрт өзгерістер болмайды.