Bugin

Ауруханада екпе алған әйел қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Атырауда 51 жастағы әйел құлағына қатысты шағыммен екпе алған соң көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі AtyrauPress сайтына сілтеме жасап.

Сайт мәліметінше, оқиға қалалық №1 емханада болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 1972 жылы туған әйел 24 қарашада құлағына қатысты шағыммен аталған емханадағы отоларинголог дәрігердің көмегіне жүгінген. Кейін 13 желтоқсанда жеке сурдолог дәрігердің нұсқауымен процедуралық бөлмеге жолдама алу үшін өзінің учаскелік дәрігеріне барған. 14 желтоқсанда сағат 9:15-те бірінші екпе алғаннан кейін өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Дәрігерлер бірден жедел жәрдем шақырған. Оған дейін өздері жедел медициналық көмек көрсеткен. Алайда сағат 9:51-де көз жұмған. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61