Bugin

Әділет министрлігі Салтанат Нүкенованың мәйітіне қатысты тың деректі айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Салтанат Нүкенованың мәйітіне 12 сараптама тағайындалды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

"Қуандық Бишімбаевтің ісіне қатысты айтар болсақ, Салтанат Нүкенованың мәйітіне сараптама жасау туралы қылмыстық іс аясында материал келіп түскені рас. Оның қалай қайтыс болғанына қатысты мән-жайды айта алмаймыз. Қылмыстық іс аясында 12 түрлі сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы шығарылып, құзырлы органдарға жіберілді. Біреуі осы аптада аяқталады. Ал 12-ші сараптама күні кеше ғана келіп түсті. Заңнамада бекітілген тәртіпке сәйкес, отыз күнтізбелік күнде сараптама өткізілуі тиіс", - деді Талғат Уәли.

Сараптама қорытындылары Ішкі істер министрлігіне жолданады.