Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Түркістан облысында жол апатынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, оқиға 20 желтоқсанда сағат 13:00 шамасында Түркістан облысы Төлеби ауданы аумағындағы Алматы–Ташкент–Термез автожолының 719-шақырымында болған. Шымкент қаласынан Сарығаш ауданына шыққан Toyota Camry көлігі өзімен бір бағытта келе жатқан Mersedes-Sprinter жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Жол апатынан микроавтобустың 70 жастағы жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Түрлі дене жарақатын алған екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы ауруханада жатыр.
Оқиға орнына жедел тергеу тобы, Төлеби аудандық ПБ мен аудандық прокуратура басшылығы шықты. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.
"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліпа жатыр және тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама нәтижесі бойынша нақты процестік шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61