Bugin
Фото: pexels.com
Қазнетте әйелдер некесіне рұқсат берілетіндігі туралы ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпарат бойынша, Қазақстанда әйелдер әйелдермен неке қия алатындығы айтылған.
Хабарда айтылғандай, тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін әйелдердің біржынысты некеге тұруына жол берілмек. Бұл хабарламаны Instagram-дағы qaznews24 аккаунты таратты.
Дегенмен Stopfake сарапшылары бұл ақпараттың жалған екенін растады.