Bugin

"Кодтарын білген". Астанада ер адам банкоматты тонап кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: polisia.kz

Астанада бұрынғы инкассатор банкоматтан ақша ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ұрлық осы жылдың тамыз айында жасалған. Жүргізілген тексеру барысында 3 миллион 760 мың теңге көлеміндегі ірі қаржы тапшылығы анықталған.

Бейнежазбада таңғы уақытта бетін жауып алған ер адамның банк филиалының ғимаратына қалай кіргені көрсетілген. Ол банк аппаратын ашып, қолма-қол ақша салынған дискілерді алып кеткен.

Ұрлыққа бұрынғы инкассатордың қатысы бар екені белгілі болды. Бұған дейін 27 жастағы күдікті 2 ай жұмыс істеп, ақша тасымалдаумен айналысқан. Ол жұмыстан шыққаннан кейін банкоматтың кіру кодтарын білетін болғандықтан ақша ұрлауға бел буған.

ҚР ҚК 188-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, ер адам кінәсін мойындады.