Bugin
Кенияда нөсер жауын мен су тасқынынан 174 адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Астана арнасына сілтеме жасап.
Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл деректі Кения Үкіметінің ресми өкілі Исаак Мваура Найробиде журналистерге берген сұхбатында келтірген.
"Соңғы үш күнде 6 адам көшкіннің астында қалды. Төтенше жағдайларды басқару ұлттық орталығы соңғы оқиғалардың салдарын азайту үшін құзырлы мекемелер мен жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны жағдайын жіті бақылауды жалғастыруда. Қазан айынан бері Ал-Нино құбылысы тудырған толассыз жауған жаңбыр 47 ауданның 38-іне әсер етіп, қатты су тасқынына әкелген. Елдің оңтүстік-шығысындағы Тана өзені аймағы мен Ламу аймағы су тасқынынан ең қатты зардап шеккен. Бұл аймақтарда төтенше жағдайды жою және халыққа көмек көрсету жұмыстары жалғасуда, – делінген хабарламада.