Bugin
Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі заңға қол қойды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.
Құжат қоғамдық бірлестіктер мен еңбек ету барысында зиянды жұмыс атқаратын адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған.