Bugin
Апатқа ұшыраған көлікті басқарған жүргізуші қаза тапқан оқушының туған ағасы болып шықты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасынан қаза тапқандардың бірі-Назкен есімді оқушы қыз. Былтыр Ақтөбеде волейболшы балалар жол апатына ұшыраған соң, әкесі Сайран Назкенді білім мен спорт жарыстарына мүлдем жібергісі келмеген, деп жазды ақтөбелік журналист Жанагүл Жүрсін.
"Қатарынан қалғысы келмей жылайды. Сосын амалсыздан жіберіп жүрдім", – дейді әкесі.
Апатқа ұшыраған көліктің рөлінде Назкеннің туған ағасы, ауыл мектебінің мұғалімі Жандос болған. Сот санкциясымен Жандостың екі айға қамалғаны белгілі болды. Жандос пен Назкеннің әкесі Сайран Бахманов “Альфардты” (Армян нөмірлі) бір ай бұрын сатып алыпты.