Bugin

Университетте атыс болды: қаза болғандар бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Прага қаласының орталығындағы Карлов университетінде атыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Алдын ала мәліметтер бойынша, мерт болғандар да жарақат алғандар да бар. Алайда әзірге олардың нақты саны белгісіз.

Оқиға Прагадағы Ян Палах алаңында орналасқан Карлов университетінің өнер факультетінің маңында болған.

Қазіргі таңда аталған алаң мен онымен көршілес ауданды полиция қоршауға алды.

Полицияның хабарлауынша, оқиға әлі жалғасуда. Жергілікті тұрғындарға оқиға орнына  жақындауға тыйым салынды.

Карлов университеті оқытушыларының бірі Сергей Медведев өзінің Facebook парақшасында оқиғаның куәгері болғанын жазды.

"Адам сенгісіз жағдай, тыныш қала саналатын Прагада бізге оқ атып жатыр. Мен университетте лекция оқып жатқанмын, ғимаратта атыстың даусы шыққанда терезелер сықырлап кетті. Артынан айқай-шу болып, аудиторияға арнайы жасақ сарбаздары кіріп келді, олар ғимаратты тексеріп шықты. Біз аудиторияда жасырынып отырдық",-деп жазды Медведев.