Bugin
Фото: otyrar.kz
Шымкентте 74 жастағы қария мен 72 жастағы әжей шаңырақ көтеріп, заңды некесін қиған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Найля Нұриева 72 жасында өмірлік серігін тапты. Бүгінде балдақтың көмегімен қозғалатын әжей бір кездері жүре алмаған. Ұзақ өмір сүру орталығында өз теңін тапқан ол аяққа тұрып жүре бастағанына дән риза. Некесін заңды түрде қиған жұпқа орталықтан жеке бөлме де берілген.
"Біз 2 ай кездесіп жүрдік. Кейін ол маған сөз айтты, мен иә дедім. Некемізді де заңды түрде тіркедік. Мұнда біз бірге тұрамыз, тіпті, бізге жеке бөлме де берілді. Бәріне алғыс айтамын. Бізде бәрі жақсы, бәрі бар", - дейді 72 жастағы қалыңдық Найля Нұриева.
Қарттар үйінде жалпы саны 4 жұп бар.