Bugin
Фото: NUR.KZ
Қарқаралы қаласында қасқырдың адамдарға шапқаны туралы деректер желіде пайда болды. Таңертеңгі уақытта қасқыр жаяу жүргіншілерге шабуылдаған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі "Вечерняя Караганда" Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, орталық облыстық ауруханаға қасқыр жарақаттаған 3 адам түскен.
Қарағанды облысының полиция департаменті:
"Полиция ветеринария органдарымен бірлесіп, жабайы жануарды жою шараларын жүргізіп жатыр", - деп хабарлады.
Тұрғындардың бірі қаңғыбас иттердің арасында тұрған қасқырды видеоға түсіріп үлгерген. Қарқаралылықтар 21 желтоқсанда балаларын мектепке жіберуден бас тартты.
Оқиғаның видеосын мына сілтемеден көре аласыздар.