Bugin

Тоқаев жаңа заңға қол қойды: Қандай адамдар 55 жастан бастап төлем ала алады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Bugin.kz.Ғайнижамал Арыстанбек

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жағдайлары қауіпті жұмыстарда істейтіндерді әлеуметтік қорғау туралы заңға қол қойды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

 Ақорда ресми сайтында Мемлекет басшысы:

"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық бірлестіктер және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Еске сала кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйекте жолдауында зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеп жүрген қазақстандықтарға 55 жастан бастап зейнеткерлік жасқа жеткенше, арнаулы әлеуметтік төлем тағайындалатынын айтқан болатын.