Bugin
Фото: ҚР Теннис федерациясы
Қазақстанның – бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина 2023 жылдың қорытындысы бойынша ең жоғары ақы төленетін әлемдегі 10 спортшының қатарына кірді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Forbes ақпаратына сүйенсек, әлемнің 1-ракеткасы, Польша өкілі Ига Швентек рейтингіде көш бастады.
ТОП-ондыққа енгендер:
1) Ига Швентек (Польша, теннис) – 23,9 млн доллар (кортта 9,9 млн табыс тапқан + корттан тыс 14 млн);
2) Гу Айлин (Қытай, фристайл) – 22,1 млн (0,1 млн + 22 млн);
3) Кори Гауфф (АҚШ, теннис) – 21,7 млн (6,7 млн + 15 млн);
4) Эмма Радукану (Ұлыбритания, теннис) – 15,2 млн (0,2 млн + 15 млн);
5) Наоми Осака (Жапония, теннис) – 15 млн (маусым бойы ойнаған жоқ, тек корттан тыс табыстар);
6) Арина Соболенко (Беларусь, теннис) – 14,7 млн (8,2 млн + 6,5 млн);
7) Джессика Пегула (АҚШ, теннис) – 12,5 млн (6 млн + 6,5 млн);
8) Винус Уильямс (АҚШ, теннис) – 12,2 млн (0,2 млн + 12 млн);
9) Елена Рыбакина (Қазақстан, теннис) – 9,5 млн (5,5 млн + 4 млн);
10) Лейла Фернандес (Канада, теннис) – 8,8 млн (1,8 млн + 7 млн).