Bugin
Фото: pexels.com
Астаналық әйел әлеуметтік желіде жігітпен танысып, тақырға отырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұра ауданының полиция басқармасына 49 жастағы астаналық әйел ұрлық туралы хабар берген.
Әйел азаматша Instagram әлеуметтік желісінде 44 жастағы ер адаммен танысқан. Қысқа виртуалды қарым-қатынастан кейін әйел жаңа танысын үйіне қонаққа шақыруды шешкен.
Кездесу кезінде екеуі ішімдік ішкен. Әйел ұйықтаған соң қонақ құны шамамен 150 мың теңге тұратын Redmi телефонын алып, ізін суытқан.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қала тұрғынын анықталды. Ұрланған телефон тәркіленді.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.