Bugin
Көлігін "контент үшін" безендірген Шымкенттік тұрғын жауапқа тартылды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жаңа жылдық ағашпен және гирляндалармен безендірілген иномаркалар бейнебақылауға түсіп қалған.
Осындай безендірулермен Porsche Panamera, Toyota Camry, Lexus ES, Mercedes-Benz және Hyundai Elantra көліктері Қонаев даңғылымен Бәйдібек би бағытында жүріп бара жатқан. Автомаскарадты жедел жеткен патрульдік полицейлер тоқтатты.
Жүргізушілер өз әрекетін жол қозғалысы қағидасының тармағын білмегендік деп ақтағысы келді. Құқық бұзушыларға ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттама толтырылып, көліктер айыптұраққа жеткізілді.
Белгілі болғандай, жігіттер бұл әрекетке танымал әлеуметтік желідегі контент үшін барған.