Bugin

"Дарын" сыйлығының "Креативті бастамалар" номинациясы кімге бұйырды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Дарын" мемлекеттік жастар сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды. Bugin holding директоры Айбек Қуатбай "Креативті бастамалар" номинациясының иегері атанды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Айбек Қуатбай – бизнес саласында 10 жылдық тәжірибесі бар кәсіпкер. Ол – Bugin Holding компаниясының негізін қалаушылардың бірі. Айбек Қуатбай білім және медиа саласындағы жобаларды технологияландырумен айналысады.

Кәсіпкер бизнестегі мансабын студент кезінде бастаған. 2012 жылы ол математиктерге арналған “Imath.kz" сайтын жасайды. Сол жылы қазақ тілді “Bugin.kz” ақпараттық-танымдық сайтын құрды.

Bugin Holding құрамына Bugin Media, Daryn.online, Orda Generation, Educenter, InHouse, т.б. компаниялар кіреді.