Bugin

Қызылордада жоғалып кеткен 18 жастағы бойжеткеннің жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қызылорда қаласында бес күннен бері іздестірілген 18 жастағы бойжеткен аман-есен табылды, деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен 17 желтоқсанда сағат 9:00 шамасында үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. 

Қызды іздестіру жұмыстары жүргізілді. Қызылорда қалалық полиция басқармасының жеке құрамы әлеуметтік желілер және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпарат таратты.

"Полиция қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жоғалған бойжеткен 21 желтоқсан күні кешкі уақыт 22:00-де қала аумағынан табылып, ата-анасына тапсырылды. Полицейлер табылған бойжеткенмен және ата-анасымен профилактикалық бағытта әңгімелесу жұмыстарын жүргізді", - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61