Bugin

Алматы облысында дарынды балаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматы облысында дарынды балаларды қолдау және терең білім алуына жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп келеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

2023 жылы өткен халықаралық жарыстарда 12 оқушы, республикалық деңгейде өткен түрлі сайыстарда 118 оқушы жүлдегер атанды. Олардың әрқайсысы мақтануға тұрарлық.

Оның ішінде VEX әлемдік роботехника чемпионатына Іле ауданы, №30 орта мектебінің оқушысы Самат Іңкәр және "Дана" жекеменшік мектебінің оқушысы Аутай Рауан Техас штатында өтетін Бүкіләлемдік чемпионатқа қатысып, І орынға ие болды.

Фото: Bugin.kz

Фото: Bugin.kz

International Math Challenge (IMC) олимпиадасы, Халықаралық STEM олимпиадасы, “IITU ROBOCON-2022” FIRST Global Challenge робототехникадан халықаралық "FIRST Global Winning Allance Award", Халықаралық робототехника жарыстарына облыс мектептерінен 7 оқушы қатысып, 6 оқушы жүлделі орындарға ие болды. FIRST Global Challeng робототехникадан өткен халықаралық жарысында  Ұйғыр ауданының оқушылары ІІІ орынды иеленді. "Judges awards" номинациясын Ұйғыр ауданының мұғалімдері Бақбергенқызы Ұлболсын, Қадір Диас иеленді. Сонымен қатар Исаев Бахытжан, Таиров Азим, Ш. Смағұлов атындағы мектеп-интернатының мұғалімі Марсалинов Талғат жүлделі орындар алды. 


Аль-Фараби атындағы мамандандырылған лицейдің оқушылары Орынбасар Ансар мен Меденов Ерасыл "Infomatrix ASIA– 2023" халықаралық жарысында І орынды иеленіп, Алматы энергетика және байланыс университетінің грантын жеңді. Евразиялық ІТ жобалары бойынша халықаралық олимпиадасында  Есік "Білім-Инновация" мамандандырылған лицейінің оқушысы Курманов Алимхан ІІІ орын, "Туймаада" халықаралық олимпиадасында серікбай Нұралы  ІІІ орын иеленді.

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобалар ХІІІ халықаралық конкурсына қатысқан Іле ауданы, №36 орта мектебінің оқушысы Согиндиков Нұрсұлтан және Ұйғыр ауданы, Ж.Құдайбергенов атындағы орта мектебінің оқушысы Қанат Аянат жүлделі ІІІ орынға, "Buketov" физика пәнінен халықаралық олимпиада да Қонаев қаласы, Орта мектеп-гимназияның оқушылары Сарсенова Аяжан мен Мырзаханов Нұртөре І және ІІІ дәрежелі дипломдар алды.

"Математика және жобалау" халықаралық конкурсына қатысқан Іле ауданы №47 орта мектебінің оқушылары Какишев Жасамирмен, Лиханов Станислав ІІ, ІІІ орындарға ие болды. Ғылыми жобалар конкурсы бойынша Алматы облысы командалық есепте  Республика бойынша І орынға шықты.

Дарынды оқушылардың қабілетін ұштау, талантын дамыту бойынша жұмыстар 2024 жылы да жалғасын табады.