Bugin
Рудныйда ер адам полицейді көлігімен сүйреген, деп хабарлайды Bugin.kz Polisia.kz порталына сілтеме жасап.
Корчагин көшесінде Тойота жүргізушісі полиция бекетінің жанында болғанына қарамастан, мүгедектерге арналған тұрақ белгісінің жанында тоқтайды.
Жол қозғалысы ережелерін бұзғанын байқаған патрульдік полиция қызметкері көлікке жақындап, жүргізушіге ескерту жасайды. Жүргізуші дөрекілік көрсетіп, қызметкердің заңды талаптарын елемей, оқиға орнынан қашуға тырысқан.
"Полиция қызметкері көліктің қозғалысына кедергі келтірді, бірақ жүргізуші көлікті жүргізуін тоқтатпаған. Ол полиция қызметкерін 50 метрге дейін капоттың үстінде сүйреп, белгісіз бағытқа қашып кеткен. Жүргізушінің жеке басы дереу анықталды. Қабылданған шаралар барысында 35 жастағы Рудный қаласының тұрғыны ұсталып, жергілікті полиция басқармасына жеткізілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген хабарламада.