Bugin
Фото: kris_p_almaty_official
Алматыдағы автобус апатынан 3 адам мерт болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полиция департаменті мәліметінше, оқиға бүгін сағат 18:15-те болған. №47 қоғамдық көлігіндегі жолаушы көлікті басқарған әйел жүргізушіні ұрған, қатты соққы салдарынан жүргізуші есінен танып қалған.
Сол сәтте автобус аялдама маңында тұрған адамдарды қағып кетті. Сондай-ақ төрт көлікпен соқтығысқан.
Осы оқиғаның салдарынан үш адам қаза тауып, тағы төртеуі түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды.
Қоғамдық көлік жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды. Оқиғаның басқа да мән-жайлары анықталып жатыр.