Bugin

Бір жасар бала даладағы дәретхана тесігіне түсіп кетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркістан облысында бір жасар бала даладағы дәретхана тесігіне түсіп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Түркістан облысының Қазығұрт ауданында болған.
Анасы баласының жоқ екенін біліп, іздеуге кіріскен. Көп ұзамай баланың дәретханаға түсіп кеткенін көрген.

Бір жасар баланы өзінің 10 жасар ағасы құтқарған. Ата-анасы үлкен ұлының беліне қатты арқан байлап, тесікке түсірген. Бүлдіршінді ұстағаннан кейін үлкендерден екі баланы шығарып алған.

Төртінші сынып оқушысы ерлігі үшін облыстық төтенше жағдайлар департаментінің алғыс хатымен марапатталды.