Bugin

Алматыда автобус адамдарды қағып кеткен сәтінің видеосы тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Tengrinews.kz

Полицейлер Алматыда автобустың бір топ адамды қағып кеткен сәтінің видеосын жариялады, бұл бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеодан адамдардың жол бойында тұрғанын, кейбірінің жолды кесіп өтуге дайындалып жатқанын көруге болады. Оқиға орынында автобустың бар жылдамдықпен соғылғанын көруге болады.

Автобус әуелі шағын автобусты, одан кейін аялдамада тұрған адамдарды соққан. 

“22 желтоқсанда сағат 18:15-те 47-бағыттағы қоғамдық көліктің (жеке тасымалдаушы - “ДуманТрансКом” ЖШС) жолаушысы жанжал барысында жүргізуші әйелді ұрған, салдарынан ол есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған. Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты”-деп хабарлайды Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.