Bugin

Шымкентте жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Шымкентте жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Сәбидің денесі "Нұрсат" шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің маңынан табылған. Аталған жайт бойынша ҚР ҚК 100-бабымен қылмыстық іс тіркелді.

"Қаратау ауданы Полиция басқармасының 102 арнасына жаңа туған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті. Қазіргі таңда полиция қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шараларды жүргізуде", - делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.