Bugin

Алматыдағы автобус апатына қатысты тың дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, соққы алған әйел жансақтау бөліміне жатқызылды. Науқастың жағдайы ауыр.

55 жастағы ер адамға жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозы қойылып, нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

36 жастағы автобус жүргізушісі де жабық бассүйек-ми жарақаты және ми соғылуы диагнозымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды.

Ал баланы N2 қалалық балалар клиникалық ауруханасында хирург, травматолог, нейрохирургтан тұратын көпбейінді бригада қарап жатыр. Оған сол жақ тізе буынының жұмсақ тіндерінің соғылуы деген диагноз қойылды. Гипс таңылып, амбулаторлық емдеуге үйге жіберілді.