Bugin

Қазақстандық азаматтың 720 млн теңге салығы бар екендігі анықталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық азаматтың 720 млн теңге салығы бар екендігі анықталды, деп хабарлайды  Bugin.kz порталы  Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Ол 2017-2019 жылдары жалған счет-фактураларды пайдалану жолымен 720 млн теңге сомасынан астам салығы бар деген күдікке ілінген. Ол салықты төлеуден бас тартқан. Қылмысты жасағаннан кейін күдікті тергеуден жасырынып, ізін суытқан.  Оған халықаралық іздеу жарияланған.

Осы жылдың маусым айында ол Камерун Республикасының аумағында ұсталғандықтан, Бас прокуратура оны беру туралы сұрау жолдаған. Қазақстан мен Камерун арасында ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, камерун тарабы ол сұрауды қанағаттандырды.

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Осындай қылмыс жасаған тұлғаларға 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.