Bugin

Кісі өлтіргені, зорлық жасағаны үшін сотталған радикал Сирияға ұшып кетпек болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 22 желтоқсанда шетелге ұшып кетпек болған радикалды ұстады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ulysmedia.kz  сайтына сілтеме жасап.

Комитет сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деген күдікке ілінгенін хабарлайды.

" 2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады. Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған. Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған", – делінген комитет хабарламада.