Bugin

Астаналық әйел бірге тұрған адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Астаналық әйел бірге тұрған адамның көлігі мен 23 млн теңгесін алып кеткен, деп хабарлайды Bugin.kz порталы  Kazinform сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 20 желтоқсан күні Қосшы қаласында болған. Көлігі мен ақшасынан айырылған елордалық тұрғын полицияға өтінішпен хабарласқан.

Ер адамның айтуынша, Қосшыға бірге келген, өзімен бірге тұратын әйел оған тиесілі Lexus 570 автокөлігімен кетіп қалған. Жол талғамайтын көліктің артқы орындығында 23 000 000 теңге салынған сөмке бар екенін жеткізді. 

52 жастағы әйел жалдамалы пәтерде ұсталды. 

Бұл факт ҚР ҚК 389-бабы 2-бөлігі бойынша тергелуде, қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.