Bugin
Фото: pexels.com
Павлодарда бүлдіршін ойыншықтан қолын шығара алмай қалған, деп хабарлайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүлдіршінді дәрігерлер құтқарып қалған. Шақыртуға бес маман келген.
Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, төрт жасар баланың қолы пластикалық ойыншыққа қыстырылып қалған. Ата-анасы өздігінен ұлының қолын ойыншықты шығара алмаған соң жедел құтқару жасағының мамандарынан көмек сұраған.
Оқиға орнынан келген мамандар ойыншықтың жиегін мұқият бөліп, баланың қолын ойыншықтан босатқан. Бүлдіршінге медициналық көмек қажет болмаған.