Bugin

Интернет-алаяқтарға алданғандарға өтемақы төленетіні рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы видео тарап жатыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Кazinform сайтына сілтеме жасап.

 stopfake.kz мәліметінше – бұл фейк.

"Видеода Қазақстанда "ұрланған қаражатты қайтару және өтеу жөніндегі" комитет құрылғаны айтылады. Бұл – жалған. Елімізде мұндай комитет жоқ және болған емес. Алаяқтар аталған жарнаманы алданған адамдарға көмектесеміз деп таратып жатыр. Алайда кейін ақшаны "қайтару" қызметтері туралы жазылған сайтқа өтуді ұсынады. Нәтижесінде, алақол инвесторлар иемденген ақшаны қайтару үшін тағы да ақша төлеу керек болады.
Осылайша алаяқтарға бір кездері алданған адамдар тағы да құрыққа түседі", - делінген мәліметте.