Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Фото: pexels.com
"Адем" сауда үйіне қарама-қарсы бетте, Солтүстік айналма жолында жаппай жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға орынында болғандардың айтуынша, жол апатына түрткі болған Toyota Camry көлігі. Ол Солтүстік айналма жолмен солтүстік бағыттан келе жатқан. Қозғалыс кезінде ол жолдың әр жолағына өтіп, ары-бері ойқастай берген. Сосын Toyota Chevrolet Cobalt көлігіне соғылады.
Соққыдан Nexia жол шетіне ұшып, тротуарға шығып кетеді.
Ал бұл кезде Toyota жолдың қарама-қарсы бөлігіне ұшып, Nissan Primera, Mercedes-Benz көліктеріне соқтығысып, ақырында Toyota Land Cruiser Prado-мен бетпе-бет түйісіп барып тоқтайды.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы орын алған орынды қоршады. Осыған байланысты бұл бағытта көлік кептелісі болды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61