Bugin
Фото: pexels.com
Түркіменстанда Жаңа жыл тойланбауы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Түркіменстанда Жаңа жыл тойланбайды. Бірақ билік өкілдері бұған қатысты әлі түсініктеме берген жоқ. Түркіменстанда балабақшалар мен мектептерде жаңажылдық шаралар өткізілмейді. Сондай-ақ жергілікті жерлердегі әкімшілік ғимараттар мен кеңселердің алдында шырша орнатуға да рұқсат етілмеді.
"Хроники Туркменистана" басылымының хабарлауынша, биыл Түркіменстанда Жаңа жыл қарсаңында діни тенденциялар күш алып тұр.
Имамдар мешітке келушілерге "мұсылмандарға жат мерекені атап өтпеуді" уағыздауда, базарларда шошқа еті сатылымын шектеп, ал ведомстволық ғимараттар алдына орнатылған шыршалар, керісінше алынып тасталып жатыр. Дегенмен өткен жылы, керісінше, ғимараттың алдына, сондай-ақ ішіне де, яғни екі шырша орнату тапсырылған.
Осыған қарамастан Түркіменстан халқы, әдеттегідей Жаңа жылды қарсы алуға дайындалып жатыр. Саудагерлер полицейлердің өздеріне 31 желтоқсанда кешкі сағат 10-нан кейін алкоголь сатуға тыйым салынатынын ескерткенін айтып, шағымдануда.