Bugin

FlyArystan ұшағында жолаушы апаттық есікті ашып жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

FlyArystan ұшағында жолаушы апаттық есікті ашып жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде FlyArystan ұшағының бортында жолаушы апаттық есікті ашып жіберген видео пайда болды.

Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, бұл жағдай 23 желтоқсанында Шымкент-Алматы бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының KC7106 рейсі қонғанан соң жергілікті уақыт бойынша сағат 01:19-да орын алған.

Кейін әуе кемесі тексеріліп, қайта ұшу жұмыстарына рұқсат етілді. Жолаушы шара қолдану үшін Ішкі істер министрлігіне тапсырылды. Қазақстанның авиациялық әкімшілігі оған жіне әуе баспалдақтарын жеткізуге жауапты әуежай қызметтеріне қатысты тиісті тергеу жүргізбек