Bugin

Қостанай облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Қостанай облысында жол апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 23 желтоқсанда кешке "Алматы – Қостанай – Екатеринбург" тас жолында болған. Станционный ауылы маңында SsangYong Musso көлігінің 72 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жол бойында тоқтап тұрған тіркемесі бар "КАМАЗ" көлігіне соқтығысқан.

КАМАЗ-бен соқтығысқан SsangYong кері айналып кеткенде оны бар жылдамдығымен Lada Granta келіп соғып кеткен. Салдарынан SsangYong жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.