Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.com
Полиция тұрғындар жол қозғалысын заңсыз шектегені үшін жауапкершілікке тартылатынын ескертті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, кез келген заңбұзушылыққа "нөлдік төзімділік" көрсету туралы нақты міндеттер қарастырылған. Оның ішінде заң мен тәртіптің сақталуын қадағалауда кіреді. Осындай заңбұзушылықтардың бәрі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті көздейді.
Биыл полиция қызметкерлері 16 мыңнан аса ұсақ бұзақылықты, 1700-ден аса бөтеннің мүлкін бүлдіру деректерін анықтаған.
Мәселен, кеше Алматыда River Park тұрғын үй кешенінің тұрғындары жылуды қосу талаптарымен Мақатаев көшесін жауып тастады. Бұл әрекеттер қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу, жол жүрісіне кедергі келтіру, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамау болып саналады.
Бұл жағдайды тұрғындар тиісті органдармен және қызмет көрсететін ұйымдармен заң шеңберінде, сондай-ақ митинг ұйымдастыру туралы Заңның талаптарын сақтай отырып, оны алдын ала жергілікті атқарушы органға хабарлау арқылы шешуі қажет болған.
"Осылайша бұл азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа азаматтарға қолайсыздық туғызды. Осыған байланысты төрт азаматқа қатысты полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Акцияның басқа тоғыз қатысушысы көлік құралдарының жүрісіне кедергі жасағаны үшін Кодекстің 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Естеріңізге сала кетейік, заңсыз наразылық акцияларын ұйымдастыру және өткізу әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады", – деді ҚР ІІМ ӘПК төрағасы Қайсар Сұлтанбаев.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61