Bugin

Есік қаласында түнде бірнеше сауда орталықтары жанып кеткен

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: pexels.com

Есік қаласында түн ортасында бірнеше сауда павильоны, дүкендер және екі сауда үйі өртеніп кетті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

"Сағат 03:35-те Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында Фрунзе мен Алматинская көшелерінің қилысында бильбордтар, перде мен кілем сататын сауда павильондары, "Со склада" жиһаз және азық-түлік дүкені өртеніп жатқаны туралы хабар түсті. Өрт "Пассаж" сауда үйінің шатыры мен "Шамшат" сауда үйіне таралған", - деп мәлімдеді департаменттегілер.

Оқиға орнына шұғыл облыстық ТЖД күштері мен құралдары жіберілген. Өрт сөндірушілердің алғашқы легі 03.40-та жеткен. Ол уақытта сауда павильондары, дүкендер мен "Пассаж" сауда үйінің шатыры өртеніп жатқан. Тілсіз жауды ауыздықтауға жақын маңдағы бөлімшелердің өрт сөндірушілері де барды.

"Өрттің үлкен аумаққа таралуына өрт туралы хабардың кеш түскені себеп болды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 06.20-да өрт ауыздықталды, ал 07.40-та толығымен сөндірілді. Жалын 1958 шаршы метр аумақты шарпыған", - дейді ТЖД қызметкерлері.