Bugin
Фото: ANDREA MABRY/UNIVERSITY OF ALABAMA AT BIRMINGHAM
Сирек кездесетін ауытқуы бар американдық әйел екі күнде екі рет босанды. Босану жалпы 20 сағатқа созыл ,ан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.
32 жастағы Келси Хэтчер сейсенбіде бір қызды, сәрсенбіде екінші қызды дүниеге әкелді. Оқиға Алабама университетінің Бирмингем (UAB) ауруханасында болды. Екі жатырда жетілген қыздар егіз болып саналады. Бірақ олардың туған күндері сәйкес келмейді. Бұл – сирек кездесетін құбылыс.
UAB акушері ана мен жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы екенін растады .
Алабама университетінің Бирмингем ауруханасының қызметкері:
"Хэтчерге 17 жасында қос жатыры (uterus didelphys) бар екенін айтылған. UAB мәліметтері бойынша, бұл сирек кездесетін туа біткен аномалия. Екә жатыр - әйелдердің тек 0,3% кездеседі. Бір жатырда бір ссәби дамып, екі жатырдың да бір уақытта жүкті болуы -"миллионнан бір" кездеседі", - дейді.